БАС ЖҮЛДЕ ОТЫРАРДА

    1 / 5

    Бүгін Түркістанда «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасындағы облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтіп, жеңімпаз мәдениет ошақтарын Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров марапаттады.

    Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі байқауда жалпы 200-ге тарта ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар бақ сынады. Байқаудың талаптары мен шарттарына сәйкес қазылар алқасы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмысын жақсартуға байланысты барлық мүмкіндікті бағалай отырып қорытынды шығарды

    Қазылар алқасының шешімімен ауылдық мәдениеті үйлері бойынша БАС ЖҮЛДЕ Отырар ауданы Темір ауылдық мәдениет үйі лайық деп бағаланып, 1.000.000 тг жүлдеге ие болды! Және, Темір ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Иса Абылай «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды!

    Бұдан бөлек, Балтакөл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Төлешов Сейтқұл «Үздік көркемөнерпаздар ұйымының жетекшісі» номинациясының иегері атанды!

    Ауыл мәдениетін дамытуда еңбек етіп келе жатқан әріптестерімізді, ауылдағы шығармашыл ұжымдарды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Темір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары