2026 жылғы 29 қазанда Зеренді ауылының Мәдениет үйінде мектеп оқушылардың 250-ден астам ата-аналарымен аудандық семинар өтті.
Іс-шараға аудан прокуратурасы, әкімдік, полиция, білім бөлімі басшылары, аудандық аурухана дәрігерлері, психологтар, сондай-ақ облыстық дін істері басқармасының мамандары қатысты.
Семинар барысында қазіргі қоғамдағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, нашақорлық пен буллингтің алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылығын қорғау, интернет-алаяқтықтың алдын алу, деструктивті діни ағымдарға тарту әдістері, сондай-ақ интернет кеңістігінде балаларға төнетін қауіп-қатерлер мәселелері қаралды.
Семинар жауапты әрі бақытты балаларды тәрбиелеу жолында диалог құруға, тәжірибе алмасуға және күш-жігерді біріктіруге арналған маңызды алаңға айналды.
Ақмола облысының прокуратурасы






