Жақсы ауданының прокуратурасы кәсіпкердің құқықтарын қорғады

    Жақсы ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Кәсіпкерлік кодексі мен халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны анықталды.

    Атап айтқанда, полиция қызметкерлері аудан аумағындағы «AGRO WESTERFIELD» ЖШС-нің астық қоймасын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды деген негізбен Қытай Халық Республикасының 9 азаматын әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Алайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге қатысты тексеру тіркелмеген, яғни заңнамамен айқындалған талаптар тиісінше сақталмаған.

    Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған қызметкерлерге қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылып, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

    Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Прокуратура тексеру іс-шараларының заңдылығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлерді негізсіз жауаптылыққа тартуға жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары