Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.
Талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан 2 мемлекеттік қызметші анықталды. Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде аталған екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Мемлекеттік қызметшілер мынаны есте ұстауы тиіс: мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Заңда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажет.
Әрбір осындай фактіге принципті құқықтық баға берілетін болады.
Ақмола облысының прокуратурасы



