Көкшетау қаласының прокуратурасында құқықтық семинар өткізілді

    1 / 2

    «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Көкшетау қаласының прокуратурасы ғимаратында қалалық полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық семинар өткізілді.

    Семинар барысында қала прокурорлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің, Кәсіпкерлік кодексінің, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарының, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының талаптарын түсіндірді.

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға ерекше назар аударылды.

    Іс-шара мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылықты нығайтуға және жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары