Салық төлеушілердің назарына!

    Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР: еңбекақы төлеу шығыстары бойынша кірісті түзету

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 724-бабының 1-тармағына сәйкес, корпоративтік табыс салығын (КТС) немесе жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) (ЖТС) есептеу кезінде салық салу объектісі жұмыс беруші салық төлеушінің жұмыскерлерінің табыстары бойынша шығыстарының сомасына азайтылады.

    Аталған түзету күнтізбелік жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен айқындалатын салық салу объектісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 24 000 еселенген мөлшерінен асқан айдан бастап қолданылады.

    Осылайша, КТС/ЖТС есептеу кезінде салық төлеуші белгіленген шектен асқан жағдайда жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар сомасына салық салу объектісін азайтуға құқылы.

    2026 жылы бұл шек 99,1 млн теңгені құрайды.

    Аталған норма жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын заңдастыруды, жұмыспен қамтудың ашықтығын арттыруды және жұмыскерлерді ресми түрде жұмысқа орналастыруды ынталандыру мақсатында көзделген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары