СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 25 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 268-НҚ бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті бағалау қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енетінін хабарлайды.

    Жаңашылдықтар кәсіпкерлер үшін рәсімдерді жеңілдетуге және сынақтардың дұрыстығына бақылауды күшейтуге бағытталған.

    Негізгі өзгерістер:

    1. Өнімді қашықтан сәйкестендіру. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға (СРО) тауарларды қашықтан сәйкестендіру құқығы берілді.

    2. Сәйкестендіру актісін қайта пайдалану. Рәсімделген бір актіні оның қолданылу мерзімі ішінде бірнеше рет пайдалануға болады. Әрбір жаңа тауар партиясы үшін рәсімді қайта өткізудің қажеті жоқ.

    3. Ақылы түсіндірмелер беру рәсімінің жойылуы. Өнімнің міндетті сәйкестікті растауға жататыны немесе жатпайтыны туралы ақылы түсіндірме алу үшін СРО-ға жүгіну рәсімі алынып тасталды.

    4. Көлік құралдарына қойылатын талаптарды нақтылау. Қағидаларға «жеке көлік құралы» ұғымы енгізіліп, оны бағалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары нақтыланды.

    5. Құжаттарды қайта ресімдеу. Қолданыстағы сертификаттар мен декларацияларды қайта ресімдеудің негіздері мен тәртібі нақты регламенттелді.

    6. Бақылауды күшейту. Сынақ зертханаларының қызметіне және берілетін сынақ хаттамаларының дұрыстығына бақылау күшейтілді.

    Енгізілген өзгерістер сәйкестікті бағалау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары