МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ: 2026 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің жоспары 102%-ға орындалды.

    Бекітілген 572,0 млрд теңге жоспар кезінде бюджетке нақты 583,0 млрд теңге түсті. Жоспардан тыс 11,0 млрд теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді. 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 181,7 млрд теңгеге артып, өсу қарқыны 145%-ды құрады. Соның ішінде:

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ

    Жоспар 100,8%-ға орындалды. 475,8 млрд теңге жоспар кезінде нақты түсімдер 479,6 млрд теңгені құрап, жоспарлы көрсеткіштен 3,7 млрд теңгеге асты.

    Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 180,1 млрд теңгеге ұлғайып, өсу қарқыны 160%-ды құрады.

    ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ

    Жоспардың орындалуы 107,6%-ды құрады. 96,2 млрд теңге жоспар кезінде бюджетке 103,4 млрд теңге түсіп, жоспарлы көрсеткіштен 7,3 млрд теңгеге жоғары болды.

    2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 1,6 млрд теңгеге артып, өсу қарқыны 102%-ды құрады.

    Қол жеткізілген нәтижелер салық түсімдерінің оң динамикасын және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың тиімділігін көрсетеді.

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақтылы әрі толық түсуін қамтамасыз етуге, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және мемлекеттің кіріс базасын нығайтуға бағытталған қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары