САЛЫҚТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МЕМЛЕКЕТТІҢ, БИЗНЕСТІҢ ЖӘНЕ ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    Салықтарды уақтылы және толық төлеу – бұл заңмен белгіленген міндет қана емес, әрбір азаматтың елдің дамуына, экономиканың нығаюына және қоғамның әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесі.

    Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі – салық құқықбұзушылықтарының алдын алу, көлеңкелі экономиканы қысқарту және халықтың салық мәдениетін арттыру.

    Табыстарды жасыру, жалақыны «конвертпен» төлеу, бейресми жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру мемлекет пен қоғамға зиян келтіріп, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мүмкіндіктерді шектейді.

    Құқық бұзушылықтың салдарын анықтағаннан гөрі, оның алдын алған маңызды! Осы мақсатта мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілер арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, азаматтар мен бизнес өкілдерінің салықтық сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ салықтық әкімшілендірудің заманауи цифрлық құралдарын енгізуде.

    Әрбір азамат көлеңкелі экономиканы азайтуға өз үлесін қоса алады:
    Кәсіпкерлер – бизнесті заңды әрі ашық жүргізуі тиіс;
    Жұмыс берушілер – қызметкерлерді ресми түрде жұмысқа орналастырып, салықтарды уақтылы төлеуі қажет;
    Азаматтар – тауар сатып алу және қызмет алу кезінде фискалдық чекті талап етуі керек.

    Салық төлеуден жалтару – заң бұзушылық екенін және ол заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ұмытпаған жөн.

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барша азаматтар мен кәсіпкерлерді салық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауға және заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

    САЛЫҚТЫ АДАЛ ТӨЛЕУ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ!

    Руслан Данияров -
    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары