Мемлекеттік қызметтегі әдептілік пен адамгершілік қағидаттарын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті әрі кәсіби мәдениетінің айқын көрінісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделуі тиіс.
Адалдық – өз міндеттерін сапалы әрі адал орындау, азаматтардың өтініштеріне мұқият қарау, бюрократиялық кедергілерге жол бермеу.
Әділдік – заң талаптарын басшылыққа ала отырып, барлық азаматтар мен кәсіпкерлерге тең және бейтарап қарау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдаланбау, мүдделер қақтығысына жол бермеу.
Сыпайылық пен құрмет – азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау, әрбір өтініш иесіне түсіністікпен және құрметпен қарау.
Жауапкершілік – қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстардың нәтижесіне жауап беру, мемлекеттік қызметтің беделін сақтау.
ӘДЕПТІЛІКТІ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Департаментте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау, әдеп бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бағытында Әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс жүргізеді.
Азаматтар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша белгіленген тәртіппен өтініш білдіре алады.
Мемлекеттік кірістер органы қызметкері үшін әдептілік – бұл тек қызметтік талап емес, әрбір азаматпен қарым-қатынаста адалдық пен әділдікті ұстану, заңдылықты сақтау және өз ісімен мемлекетке деген сенімді нығайту.
Әрбір салық төлеушіге құрметпен қарап, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – кәсіби парызымыз әрі қоғам алдындағы жауапкершілігіміз.
Салық саласындағы өзекті түсіндірмелерді Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің @abai_mkd.kz ресми парақшасынан оқыңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









