ЕАЭО КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ ҚОС КОРИДОР ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды!

    Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде белгіленген орындарда қос коридор жүйесі қолданылуы мүмкін.

    🔴 «ҚЫЗЫЛ» КОРИДОР

    Кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ жеке тұлғаның өз қалауы бойынша декларациялауға жататын тауарларды өткізуге арналған.

    🟢 «ЖАСЫЛ» КОРИДОР

    Кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуге арналған.

    КОРИДОРДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?

    Кедендік шекарадан өтетін жеке тұлға тиісті коридорды өз бетінше таңдайды:

    «Жасыл» коридор — тауарлар кедендік декларациялауға жатпаған жағдайда.

    «Қызыл» коридор — тауарлар кедендік декларациялауға жататын немесе жеке тұлға оларды өз қалауы бойынша декларациялауды таңдаған жағдайда.

    МАҢЫЗДЫ!

    «Жасыл» коридорға кіру сызығын кесіп өту жеке тұлғаның кедендік декларациялауға жататын тауарлары жоқ екендігі туралы мәлімдемесі болып табылады.

    Бұл ретте «жасыл» коридорды таңдау ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау міндетінен босатпайды.

    Ерекше жағдайларда, кедендік шекарадан тауарларды өткізу орындарындағы жедел жағдайды ескере отырып, кеден органы қос коридор жүйесін уақытша қолданбау туралы шешім қабылдауы мүмкін.

    Қос коридор жүйесінің қолданылмауы жеке тұлғаны кедендік декларациялауға жататын тауарларды декларациялау міндетінен босатпайды және декларациялауға жатпайтын тауарларға қатысты мұндай міндет туындатпайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары