Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады!
Банкроттыққа өтініш берген азаматтар өтініштің қаралу нәтижесімен танысып, бас тарту себебін онлайн режимде біле алады.
АҚПАРАТТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган тиісті ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырады.
Атап айтқанда:
Соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған немесе аяқталған азаматтардың тізімі;
Заңды күшіне енген тиісті сот ұйғарымдары мен шешімдері шығарылған азаматтардың тізімі жарияланады.
ӨТІНІШТІҢ МӘРТЕБЕСІН ҚАЙДАН ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Банкроттық туралы өтініштің:
▪️ қаралу мәртебесі;
▪️ қабылданған шешімі;
▪️ банкроттық рәсімін қолдану немесе аяқтау туралы ақпарат;
▪️ рәсімді қолданудан бас тарту және оның негіздері
туралы ақпаратты келесі электрондық ресурстардағы жеке кабинеттен алуға болады:
eGov.kz
Tazalau (Qoldau)
Осылайша, банкроттыққа өтініш берген азаматтар өтініштің қаралу барысымен, қабылданған шешіммен және бас тарту себептерімен онлайн режимде таныса алады.
Жеке кабинетіңізді тексеріп, өтінішіңіздің қаралу нәтижесінен хабардар болыңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









