Туған өлкенің дамуына қосқан үлес: ауданда 8-ші шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілді

    Бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда, аудандық мәслихаттың 8-ші шақырылымының бұрынғы депутаттарының қатысуымен маңызды іс-шара өтті. Бұл кездесу өз өкілеттігі кезеңінде ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға арналды.

    Кездесу барысында аудан әкімі Н.Унербаев халық қалаулыларына белсенді азаматтық ұстанымдары мен жемісті жұмыстары үшін шынайы ризашылығын білдірді. Әкім депутаттық корпустың ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтіп, көптеген маңызды бастамалар мен жобалар олардың қолдауы мен кәсібилігінің арқасында жүзеге асқанын жеткізді.

    Құрмет пен еңбектерін бағалау белгісі ретінде 8-ші шақырылымның барлық депутаттарына Ақтөбе облысы мәслихат төрағасы мен Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді.

    Сабақтастық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету — ауданымызды дамытудағы басты бағдарымыз болып қала береді. Экс-депутаттарға бірлескен жұмыс үшін алғыс айта отырып, алдағы қызметтеріне жаңа табыстар тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарғалы ауданының мәслихаты" жаңалықтары