Қарғалы ауданының мәслихаты
Сегізінші шақырылымдағы Қарғалы аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы 2023 жылдың 30 наурызда өтті. Осы сегізінші шақырылымға 11 депутат сайланды. Оның ішінде өткен шақырылымнан 5, жаңадан 6 депутат сайланды. Депутаттардың орташа жасы - 44 жас, еңжас депутат 35-де, ең ересек депутат 59-та, оның ішінде 5-і әйел адам, 6-і ер адам.
Сайланған мәслихат депутаттарының 9-ы «AMANAT» партиясының, 1-еуі «Ауыл» партиясының, 1-еуі «Ақжол» партиясының өкілдері.
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы – Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы.
Аудандық мәслихатта 2 тұрақты комиссиялар қызмет етеді:
- Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі (А.Балгазин);
- Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық құқық тәртібі мәселелері және депутаттық этика жөніндегі (Ж.Мұстафина);
Мәслихаттың тұрақты комиссияларына оның маңызды органдары ретінде өз уәкілеттігі шегінде мәслихат шешімдерінің іске асырылуына бақылау жасау және іс-шараларды ұйымдастыру жүктелген.
Жаңалықтар
Құжаттар
Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Қарғалы аудандық мәслихатының VIII шақырылымының 47 кезек сессиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 478 Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 112 «Қарғалы ауданыдық сайлау комиссияларының учаскелік мүшілерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне сәйкес, сайлау комиссияларының құрамына шығып қалғандардың орнына төменде көрсетілген мүшелерді енгізуді және олардың тұрған орындарын назарларыңызға жеткіземіз. Аумақтық аудандық сайлау комиссиясы Бадамша ауылы, Әйтеке би 32, Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Дүйсенова Жанна Сағитжанқызы