Қызметкерлер — Қарғалы ауданының мәслихаты

    Қарғалы ауданының мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы
    Қызметкерлер

    Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы

    Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы

    Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы 1972 жылы 22 маусымда Комсомол ауданы Псков ауылында туған. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «орыс тілі және әлем әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Басқа қызметкерлер

    15
    Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы
    Қызметкерлер

    Аманжолов Сапарбек Аралбайұлы

    Депутат Каргалинского районного маслихата VIII-го созыва

    1972 жылы 22 маусымда Комсомол ауданы Псков ауылында туған. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Қазақ мектебіндегі орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1989 жылы «Псковский» кеңшарының құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады. 1994 жылы Әйтеке би ауданының Әйке орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі; 1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінде мұғалім; 1998-1999 жылдары Қарғалы ауданы Приозерный орта мектебінде мұғалім; 1999 -2006 жылдары Қарғалы ауданы Қосестек орта мектебінің директоры; 2006-2009 жылдары Қарғалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы; 2009-2012 жылдары Қарғалы ауданы әкімі аппаратының басшысы; 2012-2013 жылдары Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары; 2013-2016 жылдары Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округінің әкімі; 2016 -2021 жылдары «Нұр Отан» партиясы Қарғалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 2021-2023 жылдары Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы. 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы.

    Балгазин Асан Болатұлы
    Қызметкерлер

    Балгазин Асан Болатұлы

    №10 сайлау округінің депутаты, "Amanat"партиясы

    1984 жылы 28 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2006 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Көпарналы телекоммуникациялық арналар» мамандығы бойынша бітірген. 2008-2017жылдары "Қазақтелеком" АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2017 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ-нің Қарғалы желілік-техникалық цех бастығы. 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты. № 10 сайлау округі бойынша, Велиховка, Ақжайық, Жосалы, Кемпірсай ауылдары.

    Заглядова Надежда Николаевна
    Қызметкерлер

    Заглядова Надежда Николаевна

    № 3 сайлау округінің депутаты, AMANAT партиясы

    1977 жылы Ақтөбе облысы Ленин ауданы Батамшинск кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы аудандық кітапханада балалар кітапханашысы болып бастаған. 1998-2009 жылдары бас кітапханашы қызметін атқарған. 2009-2016 жылдары Ақтөбе облысы «Нұр Отан» партиясы Қарғалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016-2021 ж.ж Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы. 2021 жылдан «АMANAT» партиясының Қарғалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы. № 3 сайлау округінің депутаты., Бадамша ауылы. https://www.instagram.com/nurazbayeva тел. 877711818758

    Ысқақов Орынбасар Делманұлы
    Қызметкерлер

    Ысқақов Орынбасар Делманұлы

    № 4 сайлау округінің депутаты AMANAT партиясы

    1986 жылы 24 қарашада Қарғалы ауданында «Эрзерум» ауылында дүниеге келді. Білімі-жоғары 2008 жылыАқтөбе қаласындағы «Алматы экономика және статистика» институтын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2007 жылы «БТА Банк» АҚ-нан кредит менеджері болып бастаған. 2009 жылдан ауыл шаруашылығы саласында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Алға» Кредит серіктестігі» ЖШС. 2023 жылдың 30 наурызынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.

    Мұстафина Жанна Амантұрлықызы
    Қызметкерлер

    Мұстафина Жанна Амантұрлықызы

    № 7 сайлау округінің депутаты AMANAT партиясы

    1972 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 1989-1998 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебінде аға тәлімгер. 1998-2007 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2007-2015 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл ауылы Қарғалы ауданы "Бәйтерек" мектепке дейінгі мекемесінің меңгерушісі. 2015 жылдан бастап осы күнге дейін Карғалы ауданы Петропавл орта мектебінің директоры. 2023 жылдың 30 наурызынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.

    Глуханькова Татьяна Сермагамбетовна
    Қызметкерлер

    Глуханькова Татьяна Сермагамбетовна

    № 6 сайлау округінің депутаты "AMANAT" партиясы

    1977 жылы 12 маусымда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бөгембай ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2005 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарғалы ауданы Ащылысай орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты. № 6 сайлау округінің депутаты, Ащылысай ауылы. https://www.instagram.com/tatianaglukhankova. тел. 87776606825

    Биязбаева Гулаим Зайнуллина
    Қызметкерлер

    Биязбаева Гулаим Зайнуллина

    № 9 сайлау округінің депутаты AMANAT партиясы

    1970 жылы 15 ақпанда Ақтөбе облысы, Новороссийск ауданы, Новотроицк ауылында дүниеге келген.Білімі-жоғары 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және сызу мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1989 жылы В.И.Пацаев атындағы орта мектепке БПД тәрбиешісі болып бастаған. 1989–2020 жылдары В.И.Пацаев атындағы орта мектебінде бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі. 2008–2018 жылдары «Бөбек-балабақшасы» МКҚК әдіскері. 2018–2020 жылдары В.И.Пацаев атындағы орта мектебінде оқу-тәрбие жұмысының орынбасары. 2020 жылдан бастап Ақтөбе облысының Білім басқармасы «Қарғалы ауданының білім бөлімі» ММ «Бөбек-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі. 2023 жылдың 30 наурызынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты. № 9 сайлау округінің депутаты, Шәмші Қалдаяқов ауылы. https://instagram.com/biazbaevagulaim. тел. 87788565772

    Ысқақов Орынбасар Делманұлы
    Қызметкерлер

    Ысқақов Орынбасар Делманұлы

    № 4 сайлау округі бойынша AMANAT

    1986 жылы 24 қарашада Қарғалы ауданында «Эрзерум» ауылында дүниеге келді. Білімі-жоғары 2008 жылыАқтөбе қаласындағы «Алматы экономика және статистика» институтын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2007 жылы «БТА Банк» АҚ-нан кредит менеджері болып бастаған. 2009 жылдан ауыл шаруашылығы саласында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Алға» Кредит серіктестігі» ЖШС. 2023 жылдың 30 наурызынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты. № 4 сайлау округінің депутаты, Бадамша ауылы. https://www.instagram.com/vodopad_aqtobe тел. 87776252401

    Сенич Юрий Николаевич
    Қызметкерлер

    Сенич Юрий Николаевич

    № 11 сайлау округінің депутаты AMANAТ партиясы

    родился 1964 году в сел е Кос-Истек Ленинского района Актюбинской области. О бразование: средне-специальное .В 1986 году окончил Актюбинский сельскохозяйственный техникум по специальности: техник –механик. Трудовую деятельность начал 1981 г оду в колхоз е «Авангард»тракторист ом. 1982 - 1984 г оды служба в рядах СА /Венгрия/ . 1984 - 1988 г оды м ашинист погрузчика райавтодора . 1988 - 1989 г оды заведующий МТМ колхоза «Авангард» Ленинского района . 1989 - 1992г оды освобожденный секретарь партийоной организации к олхоза «Авангард» . 1992 - 1996 г оды бригадир комплексной бригады к олхоза «Авангард», глава крестьянского хозяйства «Ак бидай» . 2002-2006 годы аким Кос-Истекского сельского округа . 2007-2014 годы мастер АЗС АО «КазМұнайГазөнімдері». С 2015 года глава крестьянского хозяйства «Ак бидай». С 30 марта 2023 года депутат Каргалинского районного маслихата. Депутат от избирательного округа № 11, село Кос-Истек. тел. 87054760999

    Кужаков Дюсен Бисенович
    Қызметкерлер

    Кужаков Дюсен Бисенович

    № 2 сайлау округінің депутаты, AMANAT партиясы

    1978 жылы 17 шілдеде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында дүниеге келген. Білімі –жоғары. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Биология» мамандығы, 2019 жылы С.Баишев атындағы университеті «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында «Көктем» шаруа қожалығында автослеарь. 1998-2004 жылдары- Қарғалы орталықтандырылған аудандық ауруханасында зертханашы. 2004-2008 жылдары- №2 Бадамша орта метебінде жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Қарғалы аудандық газ учаскесінде жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап ГМБ «Ақтөбе» «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қарғалы аудандық газ учаскесінің бастығы.