
Мұстафина Жанна Амантұрлықызы
№ 7 сайлау округінің депутаты AMANAT партиясы
Өмірбаян
1972 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.
2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
1989-1998 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебінде аға тәлімгер.
1998-2007 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2007-2015 жылдары Қарғалы ауданы Петропавл ауылы Қарғалы ауданы "Бәйтерек" мектепке дейінгі мекемесінің меңгерушісі.
2015 жылдан бастап осы күнге дейін Карғалы ауданы Петропавл орта мектебінің директоры.
2023 жылдың 30 наурызынан Қарғалы аудандық мәслихатының депутаты.





