Алимент бойынша берешек 8,5 млн теңгеге жуық: Абай облысының полицейлері екі борышкерді іздеп тапты

    Олардың бірі Өскемен қаласында, екіншісі Қырғызстанда жүрген. Абай облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері қараша айының бір күнінде алимент төлеуден жалтарып жүрген екі борышкердің орналасқан жерін анықтады.

    Олардың бірінің алимент бойынша берешегі шамамен 4 млн теңгені құраған. Ал екіншісі ағымдағы жылдың маусым айынан бері алимент төлемей, қарызы 4,5 млн теңгеге жуықтаған.

    Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде екі азаматтың да жүрген жері анықталды. Тиісті ақпарат берешекті өндіру бойынша әрі қарай шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды.

    Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Абай облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері 130 борышкердің орналасқан жерін анықтаған. Олардың қатарында алимент төлемейтіндер, салық берешегі бар азаматтар, сондай-ақ материалдық залалды өтеу міндеттемелерін орындамаған тұлғалар бар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары