Берлинде Қазақ киносының күндері өтті

    1 / 4

    Берлин, 2026 жылғы 12 қараша– Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі ШәкенАйманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, Қазақ киносының күндерін ұйымдастырды. Киносеанстар Германия астанасындағы ең танымал мәдени алаңдардың бірі Александрплац алаңында орналасқан CineStar кинотеатрында өтті.

    Көрермендер назарына режиссер Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және режиссер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» көркем фильмдері ұсынылды. Аталған туындылар қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын, ұлттық бірегейлікті және қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен таныстырады.

    ІлиясЕсенберлиннің шығармасы негізінде түсірілген «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи киноэпопеясы көрермендерді Қазақ хандығының құрылу кезеңімен және қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастауымен таныстырды.

    «Жерұйық» фильмінің көрсетілімі түрлі этностардың, соның ішінде немістердің, кәрістердің, түріктердің, шешендердің, күрдтердің және басқа да халықтардың Қазақстан жеріне жаппай күштеп қоныс аударылғанына 85 жыл толуына орай ерекше символдық мәнге ие болды. Картина қиын-қыстау кезеңдерде қазақ халқының мейірімділігі, жанашырлығы мен ынтымақтастығы қазіргі Қазақстандағы бейбіт әрі толерантты көпэтносты қоғамның қалыптасуына қалай негіз болғанын көрсетті.

    Көрсетілімдерге «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің режиссері Р.Абдрашевтің және «Қазақфильм» киностудиясы өкілдерінің қатысуы неміс жұртшылығының ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында олар көрермендермен тікелей тілдесіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

    Аталған іс-шара Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосылған кезекті үлес болды. Сонымен қатар ол Германия азаматтарының Қазақстан тарихы, мәдениеті мен кинематографиясы туралы танымын кеңейтуге ықпал етті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі" жаңалықтары