ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 8

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Сайрам ауданында орналасқан «ПГУ Түркістан» ЖШС өндірістік нысандарына барды.

    Сапар барысында кәсіпорынның қызметімен, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуымен, сондай-ақ апаттардың алдын алу және өндірістік тәуекелдерді басқару шараларымен танысты.

    Кездесу барысында өндірістік үдерістерді цифрландыру мен автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар заманауи ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы еңбек қауіпсіздігін арттыру және өндірістік көрсеткіштерді бақылау мүмкіндіктерін талқылады.

    Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында кәсіпорын аумағында қызметкерлердің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйені енгізуді ұсынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары