Түркістан облысы ТЖД ауласына 1000 түп тал егілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 14

    Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында департаменттің ауласына 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игі бастамаға департаменттің жеке құрамы белсенді қатысып, аумақты көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

    Ағаш отырғызу – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жасыл желек ауаның тазаруына, экологиялық ахуалдың жақсаруына және аумақтың көркеюіне ықпал етеді.

    Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет. Бүгін егілген әрбір көшет келешек ұрпақ үшін жасалған игі іс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары