Түркістан облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 11

    2026 жылғы 19-20 қарашада Түркістан облысы аумағында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Облыстық жедел штаб Бәйдібек ауданында құрылды.

    КШОЖ шеңберінде Түркістан облысының аумақтық азаматтық қорғау қызметтерінің 674 адамы, 156 бірлік техникасы жоғары дайындық режиміне келтірілді.

    Облыс халқы мен азаматтық қорғаудың басқару органдары құлақтандырылып, басқару органдары мен БАҚ өкілдерінің жедел ақпарат беруі бойынша өзара іс-қимылының деңгейі тексерілді.

    Қалалар мен аудандарда арнайы тактикалық-құтқару оқу-жаттығулары өткізіліп, азаматтық қорғау құралымдарының күштері мен құралдарының іс-қимылдары пысықталды. Оның ішінде облыстық азаматтық қорғау қызметтері: инженерлік, көлік, жолдар мен көпірлер, энергетикалық және жанар-жағармай, байланыс қызметтері, сондай-ақ көрші облыстардың басқару органдарымен бірлесіп:
    - республикалық маңызы бар жолдарды жабу, көлік қозғалысын шектеу жөнінде уақтылы шешімдер қабылдау;
    - өзара жедел ақпарат алмасу;
    - жолдарда қалған жолаушылар мен техниканы эвакуациялау;
    - энергетика объектілеріндегі (жарық, жылыту, газ) авариялардың салдарын жою және құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдар пысықталды.

    Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмысы ерекше бақылауға алынды. Оның ішінде Кентау қаласындағы жылыту орталығы мен қала, аудандардағы жылыту қазандықтарының тоқтаусыз жұмыс істеуін ұйымдастыру қамтамасыз етілді.

    Сонымен қатар Mass Alert хабарлау жүйесі арқылы облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарының ұялы телефондарына дабыл сигналы мен бейнежазба арқылы нұсқаулықтар жолдау тәжібесі өткізілді.

    Жалпы алғанда, «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою іс-әрекеттері толықтай қамтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары