САУРАН АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 9

    Бүгін Сауран ауданының Үшқайық ауылдық округі аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев қатысты.

    Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігін қамтамасыз ету, басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жұмылдырылатын күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, қыс-көктем кезеңінде қардың еруі мен мол жауын-шашын салдарынан туындауы ықтимал су тасқыны жағдайындағы іс-қимылдар бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайларынан кейін туындауы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған жедел ден қою жасақтарының дайындығы тексерілді.

    Оқу-жаттығу жиынына барлығы 80 қызметкер мен 22 техника жұмылдырылды. Іс-шараның қорытындысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қою және азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бағытындағы дайындық жұмыстары пысықталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары