Ордабасыда көмірмен жылытылатын үйлерге түтін датчиктері орнатылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 3

    Жылыту маусымында өрттің алдын алу мақсатында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, автономды құрылғылар орнатылды.

    Түркістан облысы Ордабасы ауданында жылыту маусымының басталуына байланысты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Рейд барысында қатты отынмен, атап айтқанда көмірмен жылытылатын тұрғын үйлерге автономды түтін датчиктері орнатылды. Бұл құрылғылар түтіннің алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, дыбыстық сигнал арқылы тұрғындарға қауіп туралы ескертеді. Бұл өз кезегінде улы газдан улану қаупін айтарлықтай төмендетеді.

    Профилактикалық шараға Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы М. Кемелхан қатысып, тұрғындармен жеке кездесулер өткізді. Кездесу барысында пештер мен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, жылыту маусымы басталғанға дейін пештерді жөндеп, мұржаларын күйеден тазалау, пештің маңында жанғыш заттар мен киімдерді қалдырмау, жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмау және оны жағуды балаларға тапсырмау, көмір толық жанып біткенге дейін мұржа жапқышын жаппау, сондай-ақ орнатылған түтін датчиктерінің жарамдылығын үнемі тексеріп отыру маңызды екені қатаң ескертілді. Мұндай шаруалар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 немесе 101 нөміріне хабарласыңыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтау – өмір кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары