ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 5

    Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Жиында 2026–2027 жылдардағы алдағы қысқы кезеңге дайындық және аудан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Отырыс барысында ауданның азаматтық қорғау күштері мен қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы туралы баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды табиғи газбен, жылумен және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

    Тұрмыстық өрттердің, иіс газынан улану мен тұрмыстық газдың жарылу жағдайларының алдын алуға ерекше назар аударылды. Жауапты бөлім басшыларына тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары