Азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады

    1 / 8

    Бүгін, 13 қарашада, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады.

    Қабылдау барысында өтініш иелері тұрғын үймен қамту, үлестік құрылыс нысандарының аяқталуы, жол инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау және медициналық қызмет сапасына қатысты мәселелерді жеткізді.

    Әрбір мәселе бойынша жауапты басқармалар мен мекемелердің өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Облыс әкімі көтерілген мәселелерді «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес жан-жақты қарастырып, олардың шешілу жолдарын зерделеуді тапсырды.

    Азаматтардың өтініштері облыс әкімінің бақылауына алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары