Ойыл орманшыларына жаңа жүк көлігі табысталды

    1 / 10

    Ойыл ауданындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің материалдық-техникалық базасы жаңа жеңіл жүк көлігімен толықты. Техниканың кілті «Орман қорғаушылары – 2026» облыстық семинары аясында табысталды.

    Іс-шараға Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов, Ойыл ауданының әкімі Сәкен Займолдин және өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

    Жиында саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланып, табиғи ресурстарды қорғау бағытындағы тәжірибе ортаға салынды. Аудан әкімі Сәкен Займолдин орманшылардың табиғатты сақтау мен көгалдандыру ісіне қосып жүрген үлесін атап өтіп, бірқатар маманға марапат табыстады.

    Семинар аясында кәсіби тәжірибе алмасумен қатар, қатысушылар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары