Саран қаласында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

    1 / 12

    Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ халқының рухани қазынасын өскелең ұрпаққа жеткізу, жастар арасында халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өткізілді.

    13 қараша күні Саран қаласында байқаудың І кезеңі өтті. Оқыту тіліне қарамастан, қаладағы 8 мектептен 83 оқушы мен 42 ұстаз тіркеліп, мектепішілік кезеңнен сүрінбей өткен 21 үміткер қалалық кезеңде «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан бақ сынады. Ашылу салтанатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Қазылар алқасының мүшелері:

    1️⃣ Бартаева Оралхан Жетеновна – Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, ардагер ұстаз;

    2️⃣ Жүсіпбекова Гүлжан Жүсіпбекқызы – Аналар кеңесінің төрайымы, білім саласының ардагері;

    3️⃣ Бакирова Сабира Түркеновна – Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

    Қазылар алқасының төрағасы:

    ⭐️ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы – Жансая Жаңғазыұлы Жарылғапов.

    Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша:

    ✅ І орын (150 000 теңге) – Ақнұр Кувандикова, 10-сынып оқушысы (жетекшісі – Гүлбаршын Уатхан);

    ✅ ІІ орын (100 000 теңге) – Назым Жәрденбек, 10-сынып оқушысы (жетекшісі – Гүлбаршын Уатхан);

    ✅ ІІІ орын (70 000 теңге) – Айгерім Ерланқызы, 9-сынып оқушысы (жетекшісі – Гүлбаршын Уатхан).

    Саран қаласының жүлдегерлері байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Облыстық кезең 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.

    #қарағандытілдердідамытубасқармасы #тұлпармініптуалған

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары