Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Алпамыс батыр» жырын Сүлеймен Жанбыршин нұсқасында жатқа айту бойынша өткізілген «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі – аудандық-қалалық сайыс өтті. Байқаудың мақсаты – жастар арасында халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
🔹 Ғасырлар бойы халқымыздың батырлық рухы мен елдік мұратын паш етіп келе жатқан «Алпамыс батыр» жыры – ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңірудің құнарлы қайнар көзі. Байқауға облыс бойынша 6169 оқушы мен 2446 мұғалім тіркелді. Мектепшілік іріктеуден өткен 1100-ге жуық оқушы 9–20 қараша аралығында өткен аудандық-қалалық кезеңде, оқыту тіліне қарамастан, өнерін ортаға салды. Қатысушылар жырды жатқа айту мен мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. 🇰🇿
🔹 Сайыс қорытындысы бойынша 50-ге жуық оқушы ІІ кезеңге жолдама алды. Аудандық-қалалық кезеңнің жүлдегерлеріне І орын – 150 мың, ІІ орын – 100 мың, ІІІ орын – 70 мың теңге сыйақы табысталды. Жеңімпаздарды дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар тапсырылады.
🔹 ІІ кезеңнің жүлде қоры: І орын – 1 000 000 теңге және «SDU University» тегін білім гранты, ІІ орын – 500 000 теңге, ІІІ орын – 250 000 теңге. Жүлдегер оқушыларды дайындаған ұстаздарға да дәл сондай сыйақы беріледі. Байқаудың ІІ кезеңі 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тұлпармініптуалған
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









