Бүгін Теміржолшылардың мәдениет сарайында «Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қарағанды магистральды желі бөлімшесінің» ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай – Дала қоңырауы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
🔸Тағылымды шара ұлт ұстазының ағартушылық мұрасын насихаттап, білім, еңбек, адамгершілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
🔹Кеш барысында Ыбырайдың өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Өзен» өлеңдері оқылды. Сонымен қатар ән-күй орындалып, көрермендер мақал-мәтелдерді жалғастырып, танымдық викторина және интерактивті ойындарға белсене қатысты.
🔸Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық!» деген ұлағатты үндеуі – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін мәңгілік өсиет. Білімге ұмтылу, адал еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау – ұлы ағартушы аманатының бүгінгі ұрпаққа жеткен өнегесі.
🔹Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы Жақан әдеби-танымдық кешке қатысып, алғашқы ұстаз мұрасын ұлықтауға қосылған іс-шараға оң бағасын берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









