Бүгін Қарағанды қаласында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі өтті. Сахнада Сүлеймен Жанбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жыры жаңғырып, жас дарындар өнерін ортаға салды.
Байқауға оқыту тіліне қарамастан Қарағанды қаласынан 1383 оқушы мен 374 мұғалім, облыстық мамандандырылған мектептерден 248 оқушы мен 124 мұғалім тіркелді. Мектепшілік іріктеуден өткен 250-ден аса оқушы І кезеңге қатысып, бақ сынады. Қазақ халқының рухани қазынасы жас буынның бойына сіңіп, жырдың киесі әр баланың жүрегінен орын тапты. 🇰🇿
Байқау Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Қазылар алқасы орындау шеберлігін, жаттау сапасын және мәнерлеп айтуын бағалады.
Қазылар алқасының құрамы:
⚖️ Қазылар алқасының төрағасы – Жарылғапов Жансая Жаңғазыұлы, Е.А. Бөкетов атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Қазылар алқасының мүшелері:
⚖️ Акишев Жаролла Пазылұлы, М. Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі өлкетану бөлімінің меңгерушісі
⚖️ Тойжігіт Әли Мұсәлұлы, ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның құрметті журналисі
⚖️ Батырханова Сағат Сыдыққызы, Қазақстанның құрметті журналисі, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының баспасөз хатшысы
Жеңімпаздар:
🥇 1-орын – Серік Аделия – 150 000 теңге
🥈 2-орын – Алтынбек Ұлбақыт – 100 000 теңге
🥈 2-орын – Анарбаева Алуа – 100 000 теңге
🥉 3-орын – Ахметов Бек – 70 000 теңге
🥉 3-орын – Қанат Аяла – 70 000 теңге
🥉 3-орын – Жомартбеков Айдос – 70 000 теңге
Байқаудың мақсаты — жастар арасында халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Жүлдегерлер енді облыстық кезеңде бақ сынайды. ІІ кезең 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді. Бас жүлде — «SDU University» тегін білім гранты және 1 000 000 теңге. ✨
#ТұлпарМініпТуАлған
#АлпамысБатырЖыры
#ҚарағандыОблысы
#QazaqEpos2026
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








