«РЕСМИ ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ҚҰРАЛЫ – КӘСІБИ ТІЛДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЕҢБЕК!

    Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ресми-іскерлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қызметкерлердің кәсіби тілдік құзыреттілігін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

    Осы бағытта Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік орталығының тапсырысымен Алмагүл Ақмашқызы Игенова мен Мунира Шайхисламқызы Ағымбаеваның авторлығымен «Ресми қазақ тілі» атты оқу құралы жарық көрді.

    Оқу құралының басты ерекшелігі – тыңдаушылардың қазақ тілінде ісқағаздарын сауатты жүргізуіне, ресми құжаттарды дұрыс ресімдеуіне және кәсіби ортада мемлекеттік тілді еркін әрі тиімді қолдануына бағытталуында.

    Оқу құралында:

    ресми-іскерлік стильдің тілдік ерекшеліктері;

    кәсіби қарым-қатынасқа арналған мәтіндер мен сұқбаттар;

    ісқағаздары мен ресми құжаттардың үлгілері;

    салалық терминдер мен тұрақты тілдік тіркестер;

    тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға арналған практикалық тапсырмалар қамтылған.

    Еңбектің құндылығы – теориялық білім мен практикалық тапсырмалардың өзара сабақтастығында. Бұл тыңдаушылардың қазақ тілін тек меңгеріп қана қоймай, оны күнделікті қызмет барысында орынды әрі сауатты қолдануына мүмкіндік береді.

    Оқу құралына филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Б.М. Айтбаева және педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Е.Ж. Сармурзин пікір білдірген.

    «Ресми қазақ тілі» оқу құралы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлеріне арналған құнды оқу-әдістемелік еңбек ретінде ұсынылады.

    Мемлекеттік тіл – кәсіби біліктілік пен іскерлік мәдениеттің маңызды көрсеткіші!

    #РесмиҚазақТілі#МемлекеттікТіл #ҚазақТілі #ОқуҚұралы #Ісқағаздары ТілМәдениеті КәсібиҚазақТілі ҚазақТілінДамыту

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары