«МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ»

    1 / 5

    2026 жылғы 26 қарашада Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ» атты аймақтық байқау өтті.

    🔶 Ақын шығармашылығын насихаттауды, поэзия арқылы қазақ тілінің байлығы мен көркемдік қуатын танытуды мақсат еткен байқауға жоғары оқу орындары мен колледждердің орыс бөлімінде оқитын студенттері қатысты.

    🔷Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы Жақан іс-шараға байқаудың қазылар алқасы құрамында қатысып, студенттердің өнерін тамашалап қайтты.

    🔶Қатысушылар екі санат бойынша бақ сынады. Славян ұлтының өкілдері ақын шығармашылығына арналған презентацияларын қорғап, өлеңдерін жатқа оқыса, қазақ және түркі халықтарының өкілдері Мұқағали мұрасы туралы эссе жазып, ақынның алты өлеңін жатқа орындады.

    🔷Байқау барысында жастардың ақын поэзиясына деген ықыласы, қазақ әдебиетіне қызығушылығы мен тіл меңгерудегі ізденісі айқын аңғарылды.

    🔶Жеңімпаздар лайықты бағаланып, алғысхаттар мен сыйлықтарға ие болды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ ақындарының өлеңін жатқа оқуы, ана тілімізде ой толғап, эссе жазуы – қазақ тілінің қарым-қатынас құралы ғана емес, терең мәдениет пен бай руханияттың тілі екенін танытатын тағылымды көрініс.

    🔷 Ақын поэзиясын өзге ұлт жастарының жүрегіне жеткізу арқылы біз тілімізге деген құрметті де қалыптастырамыз.

    🔶 Тілді құрметтеу – сол тілде сөйлеумен ғана шектелмейді. Оның әдебиетін оқу, көркем сөзін түсіну, рухани әлеміне бойлау арқылы да жүзеге асады. Осындай тағылымды байқаулардың мәні де осында. Поэзияның тілі – жүректің тілі. Ал жүрекке жеткен сөздің ұлт таңдамайтыны анық!

    #МұқағалиМақатаев95жыл

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары