Хромтауда оқушылар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқытылмақ

    1 / 4

    Білім беру жүйесін жетілдіруде оқыту сапасын арттыру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басымдықтармен сабақтасып, өңірдегі білім саласын жаңғырту мен дамыту жұмыстарының негізгі бағдарын айқындайды.

    Осы бағытта Хромтау ауданында жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және жаңа дағдыларды меңгеруіне жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде.

    Атап айтқанда, Мансап орталығының мамандары аудан мектептерінің 9–11 сынып оқушыларымен кездесіп, Skills Enbek онлайн оқыту платформасының мүмкіндіктерін таныстыруда.

    2026 жылы Хромтау ауданы бойынша 987 оқушыны аталған платформада оқыту жоспарланған. Бұл бастама жастардың мектеп қабырғасында жүріп-ақ қосымша білім алуына, кәсіби қызығушылығын анықтауына және болашақ еңбек жолына қажетті дағдыларды меңгеруіне бағытталған.

    Кездесулер барысында мамандар оқушыларға Skills Enbek платформасында тіркелу тәртібін, оқу курстарын таңдау жолдарын, тегін білім алу мүмкіндіктерін және курсты аяқтағаннан кейін сертификат алу тәртібін түсіндіреді.

    Бүгінде Skills Enbek платформасында түрлі кәсіби бағыттарды қамтитын 568 оқу курсы орналастырылған. Оның 361-і тегін. Оқу курстарының ұзақтығы 2 сағаттан 72 сағатқа дейін созылады. Платформа арқылы пайдаланушылар өзіне қажетті бағытты таңдап, білімін онлайн форматта толықтыра алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары