Түркістандық құтқарушы Әлем чемпионатында күміс жүлде еншіледі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 2

    Астанада өткен кураш күресінен дүниежүзілік додада ТЖД қызметкері Ақбота Қыдырәлі 78 кг салмақта екінші орын алды.

    Астана қаласында кураш күресінен өткен Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын қорғаған Кентау қаласының спортшысы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Ақбота Қыдырәлі 78 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

    Әлемнің үздік спортшылары бас қосқан дүбірлі додада Ақбота жоғары шеберлігі мен қайсар мінезін көрсете білді. Алғашқы белдесуінде Грузия спортшысын сенімді түрде жеңген жерлесіміз, жартылай финалда Үндістан өкілінен айқын басымдылықпен басып түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Шешуші белдесуде Азия ойындарының жеңімпазы, Өзбекстанның тәжірибелі спортшысымен күш сынасып, тартысты кездесу нәтижесінде Әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

    Спортшының бұл жетістігі – оның табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ жеке жаттықтырушысы Самат Арғынбаевтың жүйелі дайындығы мен кәсіби шеберлігінің жемісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары