Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Ерлан Ниетқабылов әлеуметтік серіктестермен бірге Абай облысы Бородулиха ауданының Жезкент кентінде орналасқан «Востокцветмет» ЖШС филиалы – Орлов өндірістік кешеніне барды.

    Жұмыс сапары барысында кәсіпорын басшылығының өкілдерімен кәсіпорынның өндірістік қызметі, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, қызметкерлердің денсаулығын қорғау және әлеуметтік кепілдіктер беру мәселелерін талқылады.
    Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек заңнамасының сақталуы және кәсіпорын әкімшілігінің кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еңбек ұжымын толғандырған өзекті мәселелерді шешу үшін өзара ынтымақтастықты жалғастырып, ашық әрі сындарлы диалог орнатудың маңыздылығын атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары