11 қарашада, Абай облысы Бородулиха ауданының Жезкент кенті тұрғындарымен кездесуден кейін Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Ерлан Ниетқабылов әлеуметтік серітесермен бірге, тау-кен металлургия саласындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін екі салалық кәсіподақ ұйымының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметі талқыланды.
Қатысушылар өндірістік жарақаттанудың орын алған жағдайларына, сондай-ақ салалық кәсіподақтар мен Абай облысы Кәсіподақтар орталығы арасындағы өзара байланыстың жеткіліксіздігіне ерекше назар аударды.
Кәсіподақ кәсіпорында тек формалды түрде жұмыс істеп қана қоймай, әрбір қызметкердің өмірін, денсаулығын және еңбек құқықтарын нақты қорғауы тиіс.
Осыған байланысты Кәсіподақтар орталығының төрағасы салалық кәсіподақ өкілдеріне Абай облысы Кәсіподақтар орталығымен тұрақты өзара іс-қимыл орнатуды, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлармен бірлескен кездесулер өткізуді және өндіріс орындарында алдын алу жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
Жазатайым оқиғаларға жол бермеу, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және әрбір қызметкерге қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету - Ортақ мақсат.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








