ӨНДІРІСТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК — ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ӘРБІР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ!

    Абай облысы Бородулиха ауданының Жезкент кентіне жасаған жұмыс сапарының қорытынды кезеңінде «Востокцветмет» ЖШС филиалы — Орлов өндірістік кешеніне барды.
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ниетқабылов, Абай облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қуаныш Сүлейменовпен және Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Жас-Улан Мусинмен бірге кәсіпорындағы өндіріс барысымен танысты.
    Кәсіпорын басшылығы өкілдерінің сүйемелдеуімен делегация өндірістік цехтарды аралап, шикізатты өңдеу, флотация үдерістерімен және жұмыс орындарының ұйымдастырылуымен танысты.
    Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Өндірістік нысандарға кірер алдында қауіпсіздік нұсқаулықтарын алу рәсімдерінен өтіп, арнайы қорғаныш киімдері мен жеке қорғаныс құралдарын пайдаланды. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмысымен, қызметкерлердің ауысым алдындағы денсаулық жағдайын бақылау, оның ішінде қан қысымын өлшеу тәртібімен және профилактикалық іс-шаралардың ұйымдастырылуымен танысты.
    Өндірістегі қауіпсіздік тек жұмыс берушінің ғана емес, әрбір қызметкердің де жеке жауапкершілігі екені баса назар аударылды.
    Жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың ортақ міндеті — бірлесе отырып қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары