11 қарашада, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ниетқабылов Абай облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қуаныш Сүлейменовпен және Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Жас-Ұлан Мұсинмен бірлесіп, Абай облысы Бородулиха ауданының Жезкент кентінің тұрғындарымен және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Ашық диалог барысында жұмысқа орналасу, еңбек заңнамасының сақталуы, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі қауіпсіздік техникасы және қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар жергілікті тұрғындарды толғандыратын мәселелерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, көшелер мен автомобиль жолдарын жөндеу, кентті абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар кездесу қатысушыларына Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттеріне, әлеуметтік кепілдіктерге және еңбек құқықтарын қорғау тетіктеріне қатысты Еңбек кодексінің нормалары түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









