🌾 ОЙЫЛ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 14

    🔰2026 жылғы 12 қараша күні Көптоғай ауылдық округінде «Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне» арналған мерекелік шара өтті.

    🔹️Мерекелік шараға аудан әкімі Займолдин Сәкен Ғазизұлы, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, еңбек адамдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

    🔸️Шара барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығына тоқталып, аудан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаттары және өзге де марапаттар табысталды.

    🔹️Сондай-ақ, «Еңбек даңқы», «Үздік мал азығын дайындаушы», «Төрт түлік жанашыры», «Техника тілін меңгерген», «Ауыл берекесін еселеген», «Жасампаз жас маман», «Ата кәсіпті жалғастырушы», «Үздік фермер», «Дала шебері» сынды номинациялар бойынша үздіктер марапатталды.

    Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    🔸️Шараның екінші бөлімінде ұлттық спорт түрлерінен аудандық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар арқан тартыс, қошқар көтеру, гір спорты, қол күрес және ләңгі тебуден бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Жарыс жеңімпаздары арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    🔹️Сонымен қатар, мерекелік шара аясында қатысушылар Көптоғай ауылдық округіндегі «Идеят» шаруа қожалығына экскурсия жасап, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен және мал шаруашылығын дамыту бағытындағы тәжірибесімен танысты.

    👏Адал еңбегімен ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына алғыс білдіреміз!

    https://www.instagram.com/reel/DfpF6idItos/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары