АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    1 / 5

    ️

    ⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.

    🔸️ Аппарат отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ағымдағы жылға қаралған қаржының игерілу барысы, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалардың 2026 жылға орындалуы және заңсыз такси қызметін ретке келтіру жұмыстары туралы талқыланды.

    🔹️ Ағымдағы жылға қаралған қаржының игерілу барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әділханов Болатбек баяндаса, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік салалары бойынша бағдарламалардың орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Алдияр Арсланбек Алтынбекұлы мәлімдеме жасады. Сонымен қатар заңсыз такси қызметін ретке келтіру жұмыстары туралы аудандық сәулет, құрылыс тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалелов Айбек Байболатұлы баяндады.

    🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

    🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары