Ойыл ауданы әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Ойыл ауданы – Ақтөбе облысының батысында орналасқан шалғай аудандардың бірі.
    Аудан Ақтөбе облысының Қобда, Темір және Байғанин аудандарымен шектеседі.
    Аудандағы 21 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Ойыл ауылы. Ойыл ауданының жері негізінен эрозия-денудациялық жазықта орналасқан. Аудан жерінен шығыстан батысқа қарай Ойыл өзені ағады. Оның Ащыойыл, Шағырлы, Қайыңды, Ботабай, Қиыл, Кенжалы, Қуырдақты, т.б. салалары бар. Бірнеше шағын көлдер (Қамыскөл, Соркөл, т.б.) орналасқан. Өзен аңғарында Барқын, Сарытөбе т.б. құмды алқаптар кездеседі.
    Халық саны 01.01.2020 жыл бойынша 18,672 адамды құрайды (облыс халқының 2,3 %), оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 9,0 мың адам. Халықтың ұлттық құрылымы: қазақтар – 18357 адам (98,3%),орыстар – 187 адам (0,9%),басқа ұлт өкілдері – 132 адам (0,7%).Аудан орталығы – Ойыл ауылы, Ақтөбе қаласынан 260 шақырым қашықтықта орналасқан. Аудан орталығының халық саны 01.01.2020 жыл бойынша 6,980 адам.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуына қатысты келіп түскен сұрақтар бойынша БЖЗҚ төмендегіні хабарлайды. Мемлекет кепілдік береді және реттейді Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына олардың нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде кепілдік береді» деп көзделген. Мемлекеттің зейнетақы активтерінің сақталуына беретін кепілдігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк, ҚРҰБ) де, ИПБ-лардың да инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде оларды әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ басқа да реттеуші нормалар арқылы қамтамасыз етіледі. Ұлттық Банк зейнетақы активтерін зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алуға бағытталған мақсаттарды басшылыққа ала отырып басқарады. ИПБ-ға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілік жүктеледі. Яғни, ИПБ алған номиналды табыстылық пен реттеушінің талаптарына сәйкес есептелген табыстылықтың ең төменгі мәні арасында теріс айырма болған жағдайда, ИПБ осы теріс айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтейді. Мемлекет көпдеңгейлі бақылауды қамтамасыз етеді Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жүйесі көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда қала береді. - Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес (ҰҚБК), оған Мемлекет басшысы төрағалық етеді, зейнетақы активтерін басқару бөлігінде – инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды зерделеп, БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есептерді қарайды. - ҮкіметҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді. - Ұлттық Банк зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді нақты табыстылық алу мақсатында БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясын әзірлеп, бекітеді. Зейнетақы активтерін басқарады. Бұл ретте Әлеуметтік кодексте әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру саласында мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтастығы мен ортақ жауапкершілігі қағидаты көзделген. Бұл – халықаралық тәжірибеде де кеңінен қолданылатын тәсіл. Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы Әлеуметтік кодекстің 40-бабына сәйкес, салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру және/немесе оларды Ұлттық Банктің басқаруында қалдыру жөнінде шешімді дербес қабылдау құқығы берілген. 2026 жылғы қыркүйекте салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер де күшіне енеді. Қазіргі уақытта салымшылар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін ИПБ-лардың басқаруына бере алса, күзден бастап олар ерікті зейнетақы жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарын да ИПБ-лардың басқаруына толық көлемде беру мүмкіндігіне ие болады. Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ әртүрлі инвестициялық портфельдерді, яғни ИПБ ұсынатын зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегияларды өз бетінше таңдай алады. Бұл портфельдер тәуекел деңгейі, күтілетін табыстылығы және инвестициялау мерзімі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. ИПБ-лардың инвестициялық басқару тиімділігін бағалау үшін MSCI және Bloomberg сияқты әлемнің жетекші қаржы компаниялары қадағалайтын композиттік индекстер (бенчмарк), сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ индекстері қолданылады. ИПБ-лар инвестициялық табыстылықтың белгіленген деңгейіне кепілдік береді. Егер табыстылық нарықтық бенчмарктен төмен болып қалса, ИПБ айырманы өзінің меншікті капиталы есебінен өтеуге міндетті. Осылайша, салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтары бойынша әртүрлі инвестициялық активтерді басқарушыларды және әртүрлі инвестициялық стратегияларды (портфельдерді) өз бетінше таңдау құқығына ие. Зейнетақы активтерін басқарудың нарықтық тәсілдері жағдайында инфляция деңгейіндегі мемлекеттік кепілдіктің бұрынғы құқықтық және экономикалық мәні жойылады. Зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету Зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт – БЖЗҚ, оның акцияларының 100%-ы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-лардың басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті. БЖЗҚ – активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚРҰБ және/немесе ИПБ) барлық салымшылар үшін бірыңғай есептік және ақпараттық орталық, сондай-ақ олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару бойынша қолжетімді қызметтер мен сервистер ұсына отырып, азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, аптасына 7 күн («24/7») режимінде толық көрсетеді. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін зейнетақы активтерін басқарудың заманауи цифрлық ресурсы ретінде invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы іске қосылды. Бұл платформа барлық басқарушылардың (Ұлттық Банк пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. Invest.enpf.kz платформасы табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ белгіленген кезең аралығындағы деректерді динамикада қарап, активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдерінің нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттік реттеу, бақылау мен жауапкершілік аясында қала береді. Бұл ретте халықаралық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда басқа да қатысушылардың – қызметкер мен жұмыс берушінің де маңызы арта түседі. Анықтама.Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 28 жылдық қызметі барысында өзінің тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсетті. Қазір зейнетақы активтерінің көлемі – шамамен 28 трлн теңге. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің көлемі тұрақты түрде өсіп келеді: егер 2024 жылы оның көлемі 1 трлн теңгеден асса, 2025 жылы 1,5 трлн теңгеге жетті, ал 2026 жылдың 5 айында зейнетақы төлемдері шамамен 917 млрд теңге болды. Жинақтардың жалпы көлеміндегі инвестициялық кірістің үлесі 40%-дан асады. Ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық табыстылық жинақталған инфляция деңгейінен едәуір жоғары. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша инвестициялық табыстылықтың жиынтық өсімі 1 095,39%-ды, ал осы кезеңдегі инфляция деңгейі 986,70%-ды көрсетті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА КАНДИДАТТАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАРҒА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ҮШІН ШАРТТЫҚ НЕГІЗДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ҮЙ-ЖАЙЛАР

    ОЙЫЛ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА КАНДИДАТТАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАРҒА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ ҮШІН ШАРТТЫҚ НЕГІЗДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ҮЙ-ЖАЙЛАР № Ауылдық округтің атауы Кездесу үшін белгіленген орындар 1 Ойыл Ойыл ауылы, «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығы, Шернияз көшесі №36 2 Ақшатау ауылы, Ақшатау ауылдық клубы, Бейбітшілік көшесі № 68 3 Қаракемер ауылы, Қаракемер мектеп-балабақшасы, Ынтымақтастық көшесі №1 4 Ш.Берсиев Қаратал ауылы, Ш.Берсиев атындағы орта мектебі, Ж.Жүсібалиев көшесі №2 5 Құмжарған ауылы, Соркөл орта мектебі, Қонаев көшесі №2 6 Қарасу ауылы, Құрманов бастауыш мектебі, А.Жұбанов көшесі № 5 7 Коптогай Коптоғай ауылы, Көптоғай ауылдық клубы, Қазақстан көшесі № 18 8 Амангелді ауылы, Амангелді орта мектебі, Бейбітшілік көшесі №25 9 Қарасу ауылы, Қарасу негізгі мектебі, Алашорда көшесі №2 10 Шұбарши ауылы, Жақсыбайкөл негізгі мектебі, Ақсай көшесі №9 11 Караой Қараой ауылы, Қараой мектеп бала бақшасы, Жасқайрат көшесі №26 12 Қубасай ауылы, Құбасай бастауыш мектебі, Қызылқорған көшесі №7 13 Сарбие Сарбие ауылы, Сапақкөл орта мектебі, Әйтеке би көшесі №18 14 Қаракөл ауылы, Қаракөл бастауыш мектебі, Абай көшесі № 10 15 Саралжын Саралжын ауылы, Ә.Дербісалин ат. Саралжын орта мектебі, Көктал көшесі № 2 16 Ақкемер ауылы, Жамбыл мектеп бала бақшасы, Жеткіншек көшесі №7 17 Бестамақ ауылы, Тайсойған негізгі мектебі, Аяпберген көшесі №1 18 Шиқұдық ауылы, Теректі негізгі мектебі, Қ.Рысқұлбеков көшесі №16 19 Қоңырат ауылы, Фельдшерлік амбулаторлық пункті, Ойыл көшесі №1 20 Қайынды Ақжар ауылы, Саға мектеп бала бақшасы, Мектеп көшесі №8 21 Көсембай ауылы, Көсембай негізгі мектебі, Орталық көшесі №6

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сall-орталығы

    аймақ коды (саны) аудан/қала атауы Сall-орталықтың телефоны орналасқан жері (көше, үй) Жауапты (аты-жөні, лауазымы, ұясы. телефон) 8-(713-32) Ойыл ауданы 214-87 Ойыл ауылы, Құрманғазин көшесі, №43 Бергалиев Зейнур Шаймерденович-Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, +77052219028.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БАРЛЫҚ КАНДИДАТТАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ҮШІН ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ОРЫНДАР

    БАРЛЫҚ КАНДИДАТТАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ҮШІН ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ОРЫНДАР № Аудан атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар Ескерту (қаулының номері мен күні) 1 Ойыл ауданы Ойыл ауылы, Желтоқсан көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында) Аудан әкімдігінің №90 қаулысы 18 маусым 2025 жыл 2 Ойыл ауылы, Көкжар көшесі ("Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында) 3 Ақшатау ауылы, Ақжол көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақшатау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 4 Қаракемер ауылы, Ынтымақтастық көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракемер мектеп-бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 5 Саралжын ауылы, Ботагөз-2 көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында) 6 Бестамақ ауылы, Аяпберген көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тайсойған негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 7 Қаратал ауылы, Ж.Жүсібәлиев көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Берсиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 8 Қарасу ауылы, Ахмет Жұбанов көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының Қарасу медициналық пункті ғимаратының сол жағында ) 9 Құмжарған ауылы, Бекет ата көшесі ("Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ойыл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының Құмжарған ауылдық клубы ғимаратының оң жағында) 10 Қараой ауылы, Еңбеккерлер көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында) 11 Құбасай ауылы, Қызылқорған көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құбасай бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында) 12 Сарбие ауылы, Жастар көшесі ("Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 13 Қаракөл ауылы, Абай көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаракөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы) 14 Көптоғай ауылы, Мектеп көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрман орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 15 Аманкелді ауылы, Бейбітшілік көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 16 Қарасу ауылы, Алашорда көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарасу негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 17 Шұбарши ауылы, Ақсай көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жақсыбайкөл негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 18 Ақжар ауылы, Мектеп көшесі ("Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Саға мектеп- балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында) 19 Көсембай ауылы, Орталық көшесі ("Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ойыл аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының фельдшерлік- акушерлік пункт ғимаратының оң жағында)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ойыл ауданы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі.

    Ойыл ауданы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі. № Облыс, қала, елді мекен Аудан Көппәтерлі тұрғын үйлердің мекенжайы 1 Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл а., Жолмырзаев к-сі, 42ү 2 Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл а., Дәуленов к-сі, 10ү 3 Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл а., Дәуленов к-сі, 12ү 4 Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл а., Шернияз к-сі, 66ү 5 Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл а., Алтынсарин к-сі, 17ү

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың маусым айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі.

    2026 жылдың маусым айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі. «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларының атауы: 1. 122001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы . «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2026 жылға арналған бюджеті 354492,0 мың теңгені құрайды. 2026 жылы маусымайына төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы: Бюджеттік бағдарлама Жылдық жоспар 01.06.2026 Жоспар 30.06.2026 Факт Ауытқу Орындалу% 122-001-000 227399,0 112125,9 112125,3 0,6 100 122-003-015 14819,0 8201,0 8201,0 0,0 100 122-005-000 11446,0 3501,6 3501,4 0,2 100 122-006-015 7934,0 6137,6 6137,3 0,3 100 122-007-015 84803,0 39238,7 39238,6 0,1 100 122-106-000 8091,0 7220,0 5220,0 2000,0 72,3

    Жарияланды: