АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    1 / 4

    ⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.

    🔸️ Аппарат отырысында ауданның ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы және салық базасын кеңейту шараларының орындалуы «TAZA QAZAQSTAN» акциясы, және аудандағы жастар саясатының жүргізілуі бойынша атқарылған жұмыстар туралы талқыланды.

    🔹️ Ауданның ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және салық базасын кеңейту шараларының жүргізілуі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әділханов Болатбек баяндаса, аудандағы жастар саясатының жүргізілуі туралы Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жумин Нұрсұлтан Нұрланұлы баяндама жасады.

    🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

    🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары