Астаналық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    1 / 5

    Астаналық балуан Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жүлде қоржынын толықтырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде Әзербайжан балуаны Хасрат Джафаровты 7:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Осыған дейін Бағдат ширек финалда Иран өкілі Саид Эсмаилиге есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы финалға шыққандықтан, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезеңде Қытай балуаны Цзинь Синьсиньді 8:5 есебімен жеңіп, қола медаль үшін күресуге жолдама алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары