V Азия Пара ойындары: елордалық волейболшылар елге оралды

    1 / 5

    Астанадағы Н. Назарбаев әуежайында отырып ойнау волейболынан V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері Алмат Оспанов пен Берік Ізмағанбетовті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Қазақстан ерлер құрамасы сапында ел намысын қорғаған елордалық спортшыларды «Елорда» спорт клубының ұжымы, жақындары, қолдаушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күтіп алып, жетістіктерімен құттықтады.

    «Азия Пара ойындарына Астана қаласынан Алмат Оспанов екеуміз қатыстық. Жарыста төрт кездесу өткіздік. Ең қиын ойын жартылай финалда Ирак құрамасына қарсы болды. Сеттер бойынша 0:2 есебімен ұтылып жатып, ойын барысын өз пайдамызға өзгертіп, 3:2 есебімен жеңіске жеттік. Осылайша, финалға шықтық. Ақтық сында Иран құрамасымен кездесіп, есе жібердік.

    арысты күміс жүлдемен аяқтадық. Алдағы мақсатымыз – 2027 жылы өтетін Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалып, Лос-Анджелестегі Паралимпиада ойындарына лицензия алу», – деді Берік Ізмағанбетов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары