Астанада Түркістан мен Достық көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

    Астанада Түркістан мен Достық көшелерінің қиылысында жол жабынын жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Осыған байланысты 28 қазан күні сағат 21:00-ден 29 қазан күні сағат 07:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары