АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

    1 / 5

    ️

    Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.

    🔸️ Аппарат отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына жолдауы, атқарушылық тәртіппен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау барысы, және Көптоғай ауылдық округі аппаратының атқарылған жұмыстар туралы талқыланды.

    🔹️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың " Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты жолдауына қатысты Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Саян Сапарұлы баяндаса, атқарушылық тәртіппен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау барысы туралы Ойыл ауданы әкімінің аппарат басшысы Тілепов Ербол Мырзабайұлы баяндама жасады. Сонымен қатар Көптоғай ауылдық округі аппаратының атқарылған жұмыстары туралы Көптоғай ауылдық округі әкімі Асылбаев Ерлан Базарбайұлы баяндады.

    🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

    🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары