Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде этносаралық татулыққа сызат түсіріп, араздық тудыруға бағытталған арандатушылық материалдарды тарату әрекеттері жиілеп кетті. Мұндай контенттің астарына үңілмей, байқаусызда бөліскендер заң алдында жауап береді.
⚖️ Қылмыстық кодекс талаптары:
• ҚР ҚК 174-бабы (Араздықты қоздыру) — әлеуметтік желілерде осындай материалдарды дайындағаны, сақтағаны немесе таратқаны үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
• ҚР ҚК 274-бабы (Жалған ақпарат тарату) — шындыққа жанаспайтын деректерді таратқаны үшін қосымша жауапкершілік жүктеледі.
🛑 ЕСКЕРТУ: Радикалды топтардың айласына алданбаңыз! Этносаралық араздықты қоздырушыларға ермеңіз, күмәнді видеоларды таратпаңыз, репост жасамаңыз! Бейтаныс ақпаратқа әрдайым сын көзбен қарап, ел бірлігін сақтауға үлес қосыңыз. Заң бәріне ортақ!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








