Қоғамдық көлік аялдамалары, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен қасбеттерін жөндеу, жылумен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңдарын жаңарту және ағаштарды санитарлық кесу мәселелері OpenJez форматындағы кездесуде көтерілді.
№4 мектепте өткен ашық диалогқа 2-шағын аудан тұрғындарымен қатар қаланың өзге де шағын аудандарынан келген азаматтар қатысты.
Кездесу барысында қала әкімі Мұрат Бөрібаев тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты бөлім басшыларымен бірге өзекті мәселелерді талқылады. Тиісті мекемелерге көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Жауапты мамандар атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы түсініктеме берді.
Кездесуге келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасау да назардан тыс қалмады. Балалар үшін арнайы ойын бөлмесі ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге аквагрим жасалды. Ал тұрғындарға кофе-брейк ұсынылды.
Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





