АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппараты»КММ Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойыншамемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінешаруа немесефермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді.

    Шаруа немесефермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясыменҚазақстан Республикасы Жер Кодексінің43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығынасәйкес өткізіледі.

    Конкурсқа қатысуға хабарламада конкурс өткізу туралы белгіленген мерзімінен кешіктірмей өтінімдерін берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалар және жеке тұлғаларға рұқсат беріледі.

    Өтінімдер қабылдауыконкурстың өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2026 жылғы 14желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 06 қантарғадейін қоса алғанда өткізіледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні шығарылады.

    Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл селосы, Гагарин көшесі, 11, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша Қызылжар ауданы әкімдігінің ғимаратында 2027 жылғы 08 қаңтарда, конкурстың басталуы 10 сағат 00 минутта.

    Конкурсқа катысу шарттары:

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылады, өтініш берушіге тіркеу номірі міндетті тағайындалады және оған хабарлама беріледі.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

    Конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

    2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

    Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2027 жылғы 08 қантарға дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

    Талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

    Конкурс өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қызылжар ауданы әкімініңwww.kzh.sko.gov.kzсайтында және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі»www.kzh-ozo.sko.kzсайтында, немесе8 (715-38), 2-15-54, 2-23-42 телефон арқылы алуға болады.

    Жер учаскелерінің Тізбесі

    Архангельска/о:

    Лот 1.Жалпы көлемі– 30 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік30 га (б/б 60,3).Орналасқан жері4,5 кмАрхангельское а.

    Лот 2.Жалпы көлемі– 40 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік40 га (б/б 51).Орналасқан жері2,3 кмАрхангельское а.

    Лот3.Жалпы көлемі– 323 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары:егістік259 га (б/б 52),табиғижайылымдар 51 га (б/б 43).Орналасқан жері5,8 кмАрхангельское а.

    Лот4.Жалпы көлемі– 49 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары:егістік48 га (б/б 53,6),табиғижайылымдар 1 га (б/б 53,5).Орналасқан жері11 кмАрхангельское а.

    Лот 5.Жалпы көлемі– 22 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік22 га (б/б 51,4).Орналасқан жері11 кмАрхангельское а.

    Вагулино а/о:

    Лот6.Жалпы көлемі– 160,4 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік120 га (б/б 51,8),табиғижайылымдар40 га (б/б 23,4).Орналасқан жері5,5 км Вагулиноа.

    Лот7.Жалпы көлемі– 64 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар64 га (б/б 68,1).Ораналасқан жері3,2 км Вагулиноа.

    Лот8.Жалпы көлемі– 551 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 422 га (б/б 51,8), табиғи жайылымдар126 га (б/б 50,4).Ораналасқан жері10 км Желяковоа.

    Виноградова/о:

    Лот 9.Жалпы көлемі– 172,8516 га,оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік170,1117 га (б/б 56),табиғи жайылымдар2,7399 га (б/б 54).Орналасқан жері7 кмВиноградовка а.

    Налобиноа/о:

    Лот 10.Жалпы көлемі– 31 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 31 га (б/б 50,6). Орналасқан жері 3,1 км Налобино а.

    Лот 11.Жалпы көлемі – 64 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 64 га (б/б 50,6). Орналасқан жері 5 км Налобино а.

    Лот 12.Жалпы көлемі – 57 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 56 га (б/б 50,3), табиғи жайылымдар 1 га (б/б 31,2). Орналасқан жері 0,5 км Дубровное а.

    Рассвет а/о:

    Лот 13.Жалпы көлемі – 66 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 66 га (б/б 58,8). Орналасқан жері 2 км Рассвет а.

    Лот 14.Жалпы көлемі – 31 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 31 га (б/б 59,1). Орналасқан жері 5,1 км Рассвет а.

    Лот 15.Жалпы көлемі – 37,5 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: табиғи жайылымдар 37,5 га (б/б 44,4). Орналасқан 5,1 км Рассвет а.

    Лот 16.Жалпы көлемі – 287 га, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптары: егістік 236 га (б/б 55,5), табиғи жайылымдар 49 га (б/б 33). Орналасқан жері 3 км Красная Горка а.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары