ЖОЛДАУ: ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ САУРАНДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

    1 / 4

    Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында республикалық жұмысшы топ өкілдері Сауран ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті.

    Кездесуде энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, 2029 жылға қарай ауданда электр энергиясы тапшылығын жою, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру, кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту мәселелері талқыланды.

    Жиынға қатысқан ҚР Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев және ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков тұрғындарға Жолдауда белгіленген міндеттерді түсіндіріп, олардың сауалдарына жауап берді. Кездесуді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жүргізді.

    Одан кейін делегация Шорнақ ауылындағы №5 жалпы білім беретін «Келешек» мектебіне барып, білім саласының өкілдерімен кездесті. Жиында білім беру сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту және білім беру саласына жаңа технологияларды енгізу мәселелері сөз болды.

    Сапар соңында жұмысшы топ өкілдері Сауран ауданының Қосмезгіл ауылында орналасқан «Эдем» жиһаз өндіретін кәсіпорнына барды. Делегация кәсіпорын ұжымымен кездесіп, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірістік әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары